Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Нағыз арқасүйер ақылшы болған. Әкем басқа әйелге кеткеннен кейін ол жалғыз қалды". Құралай Нұрқаділова марқұм анасын еске алды (ВИДЕО)

13:41, 09 ақпан 2025 2537

Танымал дизайнер, психолог Құралай Нұрқаділова марқұм анасына арнап, жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Дизайнер анасының қазасынан кейін ел алдына бірінші рет шықты. 

“Менің анам нағыз арқасүйер ақылшы, сырлас дос, мықты әйел болған. Әкем басқа әйелге кеткеннен кейін ол жалғыз қалды. Иә бұл өмір, өмірде бәрі болады. Осы пәтерде жалғыз өзі тұрды. Сол кезде-ақ мен өзіме серт берген едім. “Жасайтын істерімнің бәрін анама арнаймын” дедім. Одан басқа мақсатты білмеппін. Мен талай адамды осындай күйден шығарсам да, өз-өзіме шамам жетпеді. Бұл өте қорқынышты жағдай. Не істеріңді білмей, қандай мақсат қоярыңды білмеу деген – өте қиын жағдай. Қазір туған-туыстар қайта араласа бастады”, – деді Құралай.

Сөзінше, анасы сырқаттанып жүрсе де, аяқ астынан кетіп қалады деп ойламаған.

“Анам соңғы кезде ауыра бастады. Бәрі Алланың қолында. Ешкім қай уақытта дәм-тұздың таусыларын білмейді. Менің құрбыларым маған көмектесе бастады. Мен қазір ғана өзім үшін өмір сүру керегін түсідім. Алдарыңда мүлдем басқа Құралай отыр. Қолдауларыңызға рақмет”, – деп алғыс білдірді дизайнер. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар