Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мынадай азаматты таңдаған қарындасым мықты ғой". Димаш Құдайбергеннің тойдағы тілегі көпті таңдандырды (ВИДЕО)

13:24, 09 тамыз 2025 651

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Шымкент қаласына өткен қарындасы Раушанның үлкен тойына барды. Тойда толғана тілек айтып, ел жүрегін елжіретті, деп хабарлайды  Alash.kz.

Димаш Құдайбергенің қарындасы мен күйеу баласына деген ақ тілегі ел көңілінен шығып, алғысын арқалады: 

"Екі жас бақытты болсын. Раушанмен осыған дейін де, қазір де қалай мақтансам, бүгінде Ермаханымызбен де мақтанып жүрміз. Ақылына көркі сай, келбеті келіскен, таланты тоғысқан азаматты таңдаған менің қарындасым да ақылды ғой, мықты ғой. Сол себептен осындай қуаныштарда бас қосып, араға жылдар салып кезінде Раушан мен Ермаханның тойында бірге болған едік деген естелігімізді айтып жүре берейік", - деді Димаш Құдайберген. 

Желі қолданушылары Димаштың қарапайымдылығына тәнті болып, жағымды пікірлер жазды. 

"Жұлдыз болып кеткен кейбір әртістер тойға келуге уақыт таба алмай шіренер еді. Әлемге танымал жұлдыз міне, тойда тілек айтып тұр", "Димаш көрегенді, қарапайым, ақылды азамат", "Қарапайымдылығы керемет", деді олар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар