Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мың оқушының көзінше соттап жіберді: Жас жігіт есірткі сақтағаны үшін қамалды

17:37, 07 сәуір 2025 275

Астананың 21 жастағы тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

Бұл «Заң мен тәртіп» және «Жас үміт» жобасы аясында өткен сот болған.

Бастаманы Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы қолға алған.

«Бастаманың мақсаты - жастар арасында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу», - деп хабарлаған Астананың прокуратурасы.

Осылайша, бұл сот процессін 25 мектепте оқитын мыңнан астам оқушы онлайн қарап отырған. Сот есірткі сақтаған 21 жастағы жігітті оқушылардың көзінде 7 жылға соттаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар