Белгілі әнші, МузАРТ тобының мүшесі Сәкен Майғазиев немересіне азан шақырып ат қойды, деп жазады Alash.kz.
Әнші немере қызының есімін жария етіп, тілекші болған халыққа алғысын жаудырды.
Белсенділік танытып, тілектес болғандарыңызға мың алғыс! Жақындарымызбен ақылдаса келе, қасиетті жұма күні, өзі де, өмірі де әдемі болсын деп, АЛЛА тағала әдемі қарттыққа жеткізсін деген ниетпен немереміздің есімін Әдемі деп қойдық. Әдемі Әділетқызы, АЛЛА тағала маңдайына әдемі тағдыр жазсын. Әумин!