Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мұсылман екенімді айтып қатты қиналдым: Рүстем Жаныаманов қиын жағдайға тап болған

07:25, 13 қаңтар 2025 381

Актер Рүстем Жаныаманов журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында  дубляж жасаған бір жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды Alash.kz.

“Кино, телехикаядан күнде ұсыныс түсе бермейді. Арасында дубляжбен айналысамын. Бір күні жұмыссыз қалдым. Сол уақытта қаражат керек еді. Бірде бір адам хабарласып, шақырды. Дубляжбен айналысатынымды айттым. Сөйтіп бір мәтін оқытып, дауысымды сынап көрді. Дауысымды ұнатты, бірге жұмыс істеуді ұсынды. Мәтіннің көлемін, жұмыстың қанша уақытқа созылатынын айтқан жоқ. Ертесі келсем бір десте қағаз дайындап қойыпты. Біреуін алып бастап оқыдым. Сөйтсем Інжілді қазақшаға аударып жатыр екен. Бірде тоқтап қалып “Не істейін, жазайын ба, жоқ па?” деп ойланып қалдым. ...Бірақ ақша керек. Іштей “жақсы нәрсе ғой” деп тағы ойлап қоямын. Сөйтіп жартысына дейін оқыдым. Алайда әрі қарай оқи алмайтынымды, мұсылман екенімді айттым. Ондағылар осыған дейін оқығанымның ақшасын береді екен. Әлгі жерде қатты қиналдым. Десе де соңына дейін оқып бердім. Бір айға жуық бірге жұмыс істедік. Өте жақсы төледі. 3-4 миллиондай бар. Сол кезде ол жақсы ақша еді”, – дейді актер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар