Өзбекстанда 28 жастағы ер адам әйеліне ауыр дене жарақатын келтіргені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Еске сала кетейік, 22 мамырда омбудсмен Джамиля Джаманбаева отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдің ісін жеке бақылауына алғанын мәлімдеген болатын.
Полицияның хабарлауынша, 9 наурызда Ленин ауданының ІІБ-не елордалық ауруханалардың бірінен дене жарақатымен түскен әйел туралы ақпарат түскен.
Тексеру барысында азаматша К.У. өзінің азаматтық некедегі күйеуі Э.Т.-дан соққы алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінгені анықталған.
Оқиға 9 наурызға қараған түні, шамамен түнгі 02:00 шамасында Турусбеков көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған.
«Ұлттық госпитальдің шұғыл медициналық көмек бөлімінің дәрігерлерінің мәліметінше, әйел ауруханаға түскен кезде оның миы шайқалған, бетінде көгерулер мен жаралар болған. Сондай-ақ мұрын, тіс және беттің сол жақ бөлігіндегі үш жерден сүйек сынықтары анықталған. Бұдан бөлек, көз алмаларының контузиясын көрсететін ультрадыбыстық белгілер де тіркелген», – делінген Омбудсмен институтының хабарламасында.