Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мұрат, алға!: Лұқпан Жолдасов абақтыдан шыққан Мұрат Әбділдаға қолдау көрсетті

15:03, 23 қазан 2024 1138

Отандық сазгер Ұлықпан Жолдасов жақында абақтыдан шыққан блогер Мұрат Әбділдәнің шығармашылығына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Видеода ол Мұрат Әбділдә жіберген әнді тыңдап отырған.

 "Мұрат інім маған осылай ән салып жіберді. Әні де, сөзі де қатты ұнады. Cover show жобасында "Шағала" әнінің сөзін өзгертіп айтқанмын. Бұл ән маған біраз көмек болды. Содан мен де Мұрат үйіне аман-есен оралып жатса, бір-бірімізді тауып алып, үш әннің аранжировкасын түгел жасап беремін деп өзіме уәде бергенмін, оған да айтқанмын. Аранжировкасын бізде Азамат деген жігіт дайындады, Ринат та қатысты. Арасындағы аспаптарды, идеясын біраз талқыладық, Солай жігіттер жасап шығарды", - деді Ұлықпан Жолдасов.

 Артынша сазгер көпшіліккке әннің дайын нұсқасын тыңдатты. Осы тұста ол Мұрат Әбділдәнің шығармашылығына қатысты өз ойын да айта кетті.

"Мұраттың жалпы шығармашылығы әдемі. Әнін де, сөзін де өзі жазады. Сөзіне біраз ақын мін айтуы мүмкін, бірақ қарапайым халыққа жақсы өтетіндей сөздер жазған. Әні де тым жақсы, біздің ойымызға келмейтін дүниелерді жазған. Мен өзім де ән шығарамын ғой, бірақ әндері өте әдемі. Өзі мықты әнші болмаса да, өз әнін мықты жеткізіп береді. Сәттілік тілейміз. Мұрат, алға", - деп түйіндеді Ұлықпан Жолдасов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар