Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мұнайдың қызығын кім көруде? Бұны Құдайға хабарласып сұраған оңай сияқты - САИРОВ

17:00, 25 қараша 2024 400

Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Ерлан Саиров бүгін мұнай саласы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

«Мұнайдың дәуірі аяқталуға жақын. «Жаңа Қазақстан келгеннен бері мұнайдың қызығын кім көріп отыр?» деген сұрақ әлі күнге дейін елді мазалайды. Мысалы, «Қаражанбасмұнай» АҚ компаниясы бар. Одан «Каспий Шиппинг» деген қазақстандық компания тендер жеңіп алған. Оның орнында бұрын «Еуразия» деген Қазақстанның олигархтарына тиесілі компания болған. Енді «Қаражанбасмұнай» 3 ай бойы («Каспий Шиппингті») өз жұмысына кіргізбей жүр. Дәл қазір елімізде осындай жағдай болып жатыр. Осында отырған «Қазмұнайгаз» АҚ басшысына телефон соғып, сөйлесу мүмкін емес. Меніңше, осы жерде отырған адамға хабарласқаннан, Құдайға хабарласу оңай сияқты», - дейді Ерлан Саиров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар