Астанада 6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Alash.kz порталы Massaget.kz порталына сілтеп.
Алаяқ дәрігер бұл қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Ол алдап алған 4 млн теңгеден аса қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.
"Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығын ескере отырып, ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілді", - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.