Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мүгедек қарттардың ақшасын жымқырған директор сотталды

08:29, 20 ақпан 2024 393

Ұлытау облысында мүгедектігі бар қарттардың 32 миллион теңге жәрдемақы мен зейнетақыларын жымқырған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры ұсталды.

ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаменті 29 еңбекке жарамсыз және күтімді қажет ететін қарттардың (бірінші және екінші топтағы мүгедектер) 32 млн теңге көлеміндегі зейнетақылары мен жәрдемақыларын жымқырырған. Қазір директор 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы ақпанға дейін қызметтік бабын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, мекеме қызметкерлерінің лауазымды жалған біріктіру туралы бұйрықтар шығарып, оларға 12 млн теңге көлемінде заңсыз ақша аударған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта әлеуметтік мекеменің экс-басшысы кінәсін мойындап, мемлекетке және қарттарға 44 млн теңгеден астам шығынды толығымен өтеген, – деп жазылған хабарламада.


Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Фото: E.gov

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар