Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов қоғамда қызу талқыланып жатқан ұстаздарға сыйлық тарту ету мәселесіне байланысты өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Біріншіден, алып бара жатқандай мұғалімдерге көлік мінгізіп, пәтер беріп жатқан жағдайларды көрген жоқпын. Сондықтан, оны үлкен проблема қылып көрсеткен қаншалықты дұрыс? Қаншалықты бұрыс? Айтқым келмейді. Екіншіден, ол заңмен қарастырылмаған. Егер, мұғалімге сыйлықты міндетті түрде берейік, жинайық деп мәжбүрлесе, бұл - заңға қарсы. Бұл мәселе бойынша министр кезімде мен де қол қойған арнайы бұйрық бар. Мұғалімдерге ата-ана, балаларды міндеттеп, сыйлық жинауға болмайды. Бірақ, былай айтайықшы. Жеке адамдардың арасындағы мәселеге араласа беру қаншалықты дұрыс? Егер, кейбір ата-аналар символикалық тұрғыда гүл беріе жатса, символикалық тұрғыда мұғалімдерін қолдағысы келіп, арнайы алғыс хат беріп жатса, оны да сыйлық деп бағалауға болады. Сонда, мұғалімге гүл бермеңдер, алғыс айтпаңдар десек, қайда кетіп бара жатырмыз?! Мен мұғалімге үй салып беріп жатқандарды көріп отырған жоқпын! Бірақ, мұғалімдерді құрметтеу, мұғалімдердің еңбегін түсіну, жай ғана күлімдеп қарап, оларға рақмет айту, оларға 1 қыркүйекте гүл беруде тұрған ештеңе көріп тұрған жоқпын. Басқа ата-аналар ұялып, менің балама қалай қарайды деп сезінуі мүмкін. Ондай да мәселелер бар. Сондықтан, кезінде министрліктің бұйрығы да болған. Мәжбүрлемеу бойынша!