Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"МРТ-дан шықтым": Қайрат Нұртастың әйелі Түркияға емделуге кетті

09:15, 17 қазан 2024 774

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Түркияға демалу үшін емес, медициналық тексерістен өтуге кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Alash.KZ.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

 
 

Жақында Түркияның Ыстамбұл қаласына кеткені туралы жазған соң өнер иесінен шетелге не үшін кеткенін сұрайтын оқырмандар көбейіпті. 

Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі оқырмандарына сырын айтты. 

"Ыстамбұлдан сәлем, оқырман! "Ол жаққа не үшін кеттіңіз, демалуға ма, әлде іссапармен бе?" деп сұрап жатқандар көп екен. Осы жерде айта кетейін. Ыстамбұлға екі мәселемен келдім. Біріншісі, әрине, денсаулыққа байланысты. Бірақ сіздер уайымдамаңыздар, Аллаға шүкір, менде бәрі жақсы. Жоспарлы check-up өтуге келдім. Екіншісі, жаңа бір жобаның алдында ой жинақтап, осындағы мықты мамандардан кеңес алуға келдім", - деп жазды ол.

Жақында қыз балаларға, әйелдерге арналған жоба жасайтынын айтқан актриса әзірге денсаулығына назар аударып жатқанын мәлімдеді. 

"МРТ-дан шықтым. Жоспарлы тексерістен өтіп жатырмын. "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" демей ме?", - деді ол. 

Айта кетейік, шетелге кетпей тұрып алаяқтармен соттасқан Жұлдыз Әбдікәрімова сотта жеңіліп қалған болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар