Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Миың шұқып, түртпектеу атымен жоқ”. Айгүл Иманбаева өзінің қандай ене екенін айтты (ВИДЕО)

09:00, 23 маусым 2025 328

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева өзінің қандай ене екенін айтып, келінімен ара қатынасы жайлы баяндады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Көзімнің ағы мен қарасы - Асылжанымның жары, таңдауы. Семейдің қызы. Абайтанушы, өте мәдениетті, әдебиеттің адамы Алмахан Мұхаметқалиқызының қызы. Қазақ тегін айтпайды ғой "анасына қарап, қызын ал" деп. Өзім секілді аңқылдаған келінім бар. Ашық. Мен келінім табалдырықты аттаған кезде бір-ақ нәрсе айттым: "Аяқ астынан ғұлама болып, ақылды болып, тәрбиелеп ақыл айтпаймын. Тәрбие деген 13 жасқа дейін ғана жұғады. Одан кейін адамды тәрбиелеу мүмкін емес. Әркім өз отбасындағы тәрбиені алып келеді. Осы жасқа дейінгі көрген тәрбиеңмен өмір сүресің, көрсетерсің, жасарсың. Мен саған бір-ақ нәрсе айтамын: дамуыңды, білім алуыңды тоқтатпа. Өзің дамы. Мен баламның да потенциалын білемін ғой. Әбден сыртта өскен, шетелде оқыған. Сондықтан дамып отырсаң, бір деңгейде жүресіңдер. Бір-ақ нәрсе сұраймын. Қарт анам бар. Ол кісінің денсаулығы да күтімді талап етеді. Сол кісінің батасын ала берші. Басқа менде тілек жоқ", - дедім. Мен рахат енемін ғой. Жеке шекарасына кірмеймін, ақыл айтып, миыңды шұқып, түртпектеу атымен жоқ. Айтқанымды істеп жатыр. Мен сондай енемін", - деді Айгүл Иманбаева “Хабар” арнасына берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар