Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Миша, асыра сілтеп жібердің! Әлде, сені біреулер пайдаланып отыр ма?»: Шайдоровтың мәлімдемесіне Федерация бапкері жауап берді

20:21, 28 мамыр 2026

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Милан олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоровтың соңғы кездері айлық табысының берілмей жатқаны туралы айтқан  уәжіне қатысты Отандық бапкер пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.

Әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде қызу талқыланған бұл мәлімдемеге фристайл-могулдан ел құрамасының бас бапкері Елена Круглыхина ресми түрде жауап қатып, спортшының әрекетін айыптады. Жүйелі ережелер мен жасалған келісімшарт мерзімдерін алға тартқан бас бапкер кінәні министрліктен емес, спортшының жеке өкілдері мен федерация жұмысынан іздеу керек екенін баса айтты.

Елена Круглыхина өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында спортшының бұл мәлімдемесіне қатысты наразылығын білдіріп, былай деп жазды:

«Миша асыра сілтеп жібердің. Әлде, сені біреулер пайдаланып жүр ме…?! Сен қысқы спорт түрлерінің барлық өкілдері сияқты 2026 жылдың 22 ақпанына дейін келісімшартқа қол қойғансың, ал сенімен келісімшартты ұзартпаған — федерацияның жіберген кемшілігі».

Бас бапкер мәнерлеп сырғанаушының айналасындағы кәсіби мамандардың жұмысын сынға алып, бұл жағдайдың мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіріп отырғанын келесідей төл сөзбен жеткізді:

«Сенің агенттерің, менеджерлерің және т.б. бар емес пе? Неге бұл мәселемен айналыспаған? Енді министрлік қызарып отыр, өйткені жұрт біздің жүйені түсінбейді!!!»

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар