Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министр мектептерде намазхана ашуға қатысты пікір айтты

11:45, 20 ақпан 2024 408
 Министр Ғани Бейсембаев мектеп ғибадат ету орны емес, білім мен тәрбие ошағы екенін мәлімдеді.

Үкіметте отырысында БАҚ өкілдері мектептерге намазхана бөлмесі қажет пе деген сұрақ қойды.
Мектеп, ең алдымен, білім мен тәрбиенің ошағы. Сондықтан ұстаздарымыз мектепті міндетті түрде балаларға білім беруге бағыттауы керек. Бұл жайлы біз үнемі айтып жүрміз. Бұл ұстанымымыздан тайған жоқпыз. Сол себепті басқа мәселелерді көтерудің қажеті жоқ, — деді Ғани Бейсембаев.

Министр мектепте діни жораларды өткізуге тыйым салынғанын еске салды.
Бұл әр мектептің ішкі тәртіп ережесінде жазылған және министрліктің бұйрығымен реттеледі. Бірақ мұндай жағдай болған, біз қазір тексеріп жатырмыз. Әзірге қай өңірде және қай мектепте екені белгісіз. Анықталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданады, — делінген хабарламада.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар