Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мінез көрсету керек дейді… Отбасы сабырмен сақталады”: Жазира Байырбекова күйеуі жайлы айтты

16:00, 11 қаңтар 2026

Әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасында жазба жариялап, жан сырын ақтарды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Демалысқа 1 аптаға барып келейікші" десем Жанболат барғысы келмеді.

Өзім қызымды алып барып келейін десем бөлек жүріп үйренбегенбіз.

Мінез көрсету керек, айтқаныңды істетуің керек дегенді көп естиміз.

Ренжиін десем санамдағы "Шүкіршілік" "Қанағат" "Тәубе" жеңіп кетіп жатыр.

Оның үстіне тұрмысқа шығарда шет елдерге қыдыртып тұрам деп уәде берген жоқ қой маған.

Отбасы сабырмен, шыдамдылықпен сақталатыны соңғы кезде көп айтылмайтын болды.

Демалысқа апармадың деп күйеуіне ренжіп жүргендерге және мен сияқты ренжиін деп ренжімей қалғандарға, немесе ренжиін ба ренжімей-ақ қояйын ба деп жүргендерге мен сіздермен біргемін деп жазып жатқаным ғой. Сіздерде қалай?”,- деп жазды әнші

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар