Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Міндеттемелер бар. Ақша қайтарылмайды»: Министр Шайдоровқа қатысты тың мәлімдеме жасады

16:25, 09 маусым 2026

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтан 2030 жылғы Ойындарда медаль ала алмаған жағдайда қаржыны қайтару талап етілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Министр үкіметте өткен брифингте мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың төңірегінде туындаған мәселеге қатысты ресми түсініктеме берді. Оның айтуынша, спортшылармен жасалатын келісімшарттар халықаралық тәжірибе мен аудиторлық талаптарға сай бекітілген және онда алдын ала болжамдар жазылғанымен, сәтсіздік үшін ақшаны кері қайтару міндеттелмейді. Сондай-ақ министр Олимпиада алтыны үшін тиесілі сыйақы жақын арада спортшыға толық төленетінін және тараптар арасындағы түсініспеушіліктер толық шешіліп, 2026 жылға арналған жаңа шартқа қол қойылғанын жеткізді.

Ербол Мырзабосынов спортшылармен арадағы міндеттемелер мен келісімшарттың барысы туралы былай деді:

«Келісімшарт – типтік. Спортшылармен жасалған барлық шарттарымызда міндеттемелер бар. Олар олимпиадашылар болсын, немесе дәрежесі төмен спортшылар болсын. Келісімшартқа қол қойылды. Дәл сондай шартқа Софья Самоделкина бойынша да қол қойылды, ешқандай мәселе жоқ».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар