Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мигранттар ұрлап, зорлап, қоршауға іліп кеткен: 18 жастағы қыздың мәйіті сұмдық күйде табылды

09:05, 13 мамыр 2025 1638

18 жастағы қыздың мәйіті табылды. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қыз өзі қоршаудан асып өтпек болған, бірақ тепе-теңдігін жоғалтып, темір тікенге құлап кеткен. 18 жастағы Надежданың денесі 11 мамырға қараған түні Маршал Рыбалко көшесіндегі бардың жанынан табылды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Қайтыс болған қыз қоршауға ілініп тұрған, ал темір штырь оның сол жақ кеуде тұсына кіріп кеткен. BAZA деректеріне сүйенсек, оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері алдын ала қорытынды жасаған: қыз қоршаудан асуға әрекет жасаған, алайда құлап кетіп, сол жерде көз жұмған.

Бар қызметкерлері полицияға берген түсініктемесінде, қыз құрбысымен бірге барға келген кезде мекемеде бар болғаны жеті ғана қонақ болғанын айтқан.

Қыздардың қолында 1,5 литрлік сыра бөтелкесі болған, екеуі де қатты мас күйде болған.

Надя дәретханаға баратынын айтқан, алайда кейін қайтып оралмаған. 

Құрбысы оны біраз күтіп, бар ішінде іздеп көрген, бірақ таппаған соң такси шақырып, үйіне кетіп қалған. Қазірге дейін қыздың бардан қалай шыққаны және нақты не болғаны белгісіз.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Надежда бейтаныс мигранттар тарапынан ұрланып, зорланған болуы мүмкін деген ақпарат таратқан.

Қыз барда құрбысымен бірге демалып отырған, бейтаныс екі ер адаммен сөйлесуден бас тартқан соң олар оны ұрлап, зорлап, кейін қоршауға іліп қойған делінген.

Алайда тергеу барысында Надежданың өлімі жазатайым оқиға салдарынан болған деген қорытынды жасалған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, бұл – жазатайым оқиға. Қылмыстық сипат анықталған жоқ. Қазіргі таңда тексеріс жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар