Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мешіттен шығып, автобусқа отырған»: Алматыда із-түссіз жоғалған ер адам өлі табылды

14:18, 19 тамыз 2025 201

Талғар ауданында жоғалып кеткен 46 жастағы ер адам Алматыдан өлі табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Мамбетoв Асқар Абдужалилұлы, 1978 жылы туған, 14 шілдеде Тұздыбастау ауылында із-түссіз жоғалып кетті. Ол сол күні шамамен сағат 11:30-да ол Бердіғұлов көшесі, 18 а мекенжайында орналасқан орталық мешіттен шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, содан кейін ер адамды аялдамада көрген. Ол Алматыға баратын №54 автобусқа мінген. Содан бері оның қайда екенін ешкім білмеді.

Todayinfo.kz сайтының хабарлауынша, ер адамның бағыт-бағдарын білмей, адасып қалатыны және психикалық ауытқуы бары белгілі болды.

“Жоғалған адамның денесі 14 тамызда табылды. Ал 17 тамыз күні оны әйелі мәйіттің күйеуіне тиесілі екенін растады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың іздері жоқ”, – деп хабарлады еріктілер.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар