Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мерзімінен бұрын жеңді». Қуанышты жаңалық! Бибісара Асаубаева чемпион атанды

09:42, 05 маусым 2026

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияда өткен беделді «Norway Chess 2026» супертурнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Жарыстың кезекті турында отандасымыз украиналық Анна Музычукпен классикалық шахматтан кездесіп, ойынды тең аяқтады. Кейіннен өткен Армагеддон матчында Музычук басым түскенімен, бұл нәтиже жалпы есепке әсер еткен жоқ. Асаубаева өзіне қажетті ұпайды еншілеп, турнир кестесінде көшбасшылық орнын сақтап қалды.

Айтулы додада бірінші орынды иеленген Бибісара Асаубаева чемпиондық атақпен қатар қомақты ақшалай сыйлыққа да ие болды. Шахматшының бұл жеңісі үшін ұйымдастырушылар тарапынан 700 000 норвегиялық крон (шамамен 35,5 миллион теңге) көлемінде сыйақы беріледі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар