Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Меруерт Түсіпбаева 6-қабаттан құлап кеткен Ажар туралы тың ақпаратпен бөлісті

11:29, 28 наурыз 2025 2516

Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева қоғамда күйеуінен қорлық көрген әйелдерге қатысты сөз қозғады, – деп хабарлайды Alash.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі қоғамда қызу талқыға түскен 21 жастағы Ажардың өліміне қатысты шындық ашылу керек екенін жеткізді.

“Руслан Өтепбайдан тағы бір сұмдық жағдайды көрдім. Алматыда айдың-күннің аманында Ажар деген әп-әдемі келіншек 6-қабаттан секіріп өлді. 12 мүшесі сау, ҚазҰУ- ды аяқтап, Абай атындағы ҚазПҰУ-да оқып жатқан еді. Артында Нұрдәулет деген баласы қалды. Бұл оқиға маған Мәскеуде оқып жүріп, қаза тапқан Томиристің оқиғасын еске салды. Анасы Жанна ханым талай қиындықты басынан кешсе де, ақыры Томпиды анау аты өшкір Муртузалидың лақтырып жібергенін дәлелдеп еді ғой.  Біз де дәлелдеуіміз керек?! 19 жасында Нәдірбек деген есерсоққа күйеуге шығып, небәрі 21 жасында кішкентай баласын тастап, 6-қабаттан неге секіреді?! Мүмкін емес. Ал кім сенеді?!”, – деп жазды әнші. 

Cонымен қатар әнші тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді. 

“Сіздерден өтінерім, қыздар! Жүріп жүргенде жігіттің бәрі сыпайы, үйленгеннен соң концерт қоя бастайды. Бір минут та шыдамаңыздар. Ондай күйеулер өзгермейді. Қолын бір рет көтерген ез сорақылығын жалғастырады. Бишімбаев Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін 24 жылға қамалды. Қанышерге сондай жаза берсін! Бұл трагедияны резонанс жасап, тарату керек”, – деді әнші. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар