Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Меруерт – кешегі, Баян – бүгіннің Қыз Жібегі». Ақын жазған өлең көпшілік талқысына түсіп жатыр

20:32, 09 мамыр 2026

Ақын Дәнел Тұрысбеков продюсер Баян Алагөзованың актриса Меруерт Өтекешоваға жасаған ерекше сыйлығына әсерленіп, жүрекжарды жыр арнады, деп жазды Alash.kz. 

Әлеуметтік желіде жарияланған өлеңде ақын Баян Алагөзованың кең пейілі мен үлкенге деген құрметін ерекше атап өткен. Әсіресе, «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған бейнені сомдаған Меруерт Өтекешоваға көрсетілген ілтипат көпшіліктің ықыласына бөленді.

Ақын өз жырында:

«Меруерттей апамызға шапан жаптың,
Құлағына бриллиант-алтын тақтың!
Пәтер жалдап тұрады дегенді естіп,
Берекесін келтірдің шаңырақтың!» –

деп, Баян Алагөзованың жасаған жақсылығын ерекше тебіреніспен жеткізді.

Қыз Жібек пен Баян сұлу 


Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым!
Өз басынан түрлі сынақ өткен ханым!
Рухы биік мақсатына жеткен ханым!
Баянды болсын ғұмыры бұл Баянның!


Комзол жайлы жарыса жаздың жұртым,
Жақтыртпай кейбіреуің хайып қудың
Шын көңіл мен пейілін білмей тұрып
Не керегі бар екен айыптаудың


Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым!
Өз басынан түрлі сынақ өткен ханым!
Рухы биік мақсатына жеткен ханым!
Баянды болсын ғұмыры бұл Баянның!


Меруерттей апамызға шапан жаптың,
Құлағына бриллиант-алтын тақтын!
Пәтер жалдап тұрады дегенді естіп,
Берекесін келтірдің шаңырақтын!

Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым!
Өз басынан түрлі сынақ өткен ханым!
Рухы биік мақсатына жеткен ханым!
Баянды болсын ғұмыры бұл Баянның!

Үлгі алыңдар ерлерім, аруларым,
Үлкендерді сыйлаған бауырларым!
Кішілерге ізетін көрсететін,
Аллам қолда қазақтың ұл-қыздарын!

Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым!
Өз басынан түрлі сынақ өткен ханым!
Рухы биік мақсатына жеткен ханым!
Баянды болсын ғұмыры бұл Баянның!

Кешегі күннің Меруерт апам Қыз Жібегі,
Бүгінгі күннің Баян ханым Қыз Жібегі!
Ел ауызында қалатын екі аруды,
Керегін түртер ертеңгі күннің Қыз - Жібегі!

Сонымен қатар ол Баянды «Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым» деп сипаттап, оның өмір жолындағы қиындықтарға қарамастан биік рухпен алға ұмтылғанын жырға қосты.

Өлең соңында ақын Меруерт Өтекешованы кешегі күннің Қыз Жібегі, ал Баян Алагөзованы бүгінгі күннің Қыз Жібегі деп атап, екі аруды ел есінде қалатын тұлғалар ретінде бағалады.

Желі қолданушылары да бұл өлеңге жылы лебіздерін білдіріп, Баян Алагөзова мен Меруерт Өтекешоваға алғыстарын жаудырып, ақынның шынайы сезіммен жазылған жырына ризашылық танытты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар