Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Менсіз Трамп сайлауда жеңілер еді" - Маск Трамптан қай сөзі үшін кешірім сұрады?

14:03, 11 маусым 2025 316

Америкалық миллиардер Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамп жайлы жазған "кейбір" жазбалары үшін кешірім сұрады, деп жазады Alash.KZ. 

"АҚШ президенті Дональд Трамп жайлы жазған кейбір постарым үшін өкінемін. Кейбір жазбаларым артық болды" деді Маск Х желісінде.

Бизнесмен қандай постары екенін ашып жазбады.

Маск пен Трамптың арасында не болып еді?
 
5 маусымда Маск Х желісінде Трамптың салық пен мемлекет шығыны туралы заң жобасын сынаған.

6 маусымда Трамп Масктан "көңілі қалғанын" айтып, "енді арамыз бұрынғыдай болмайды-ау" деген. 

Маск Х желісінде "Менсіз Трамп сайлауда жеңілер еді, демократтар өкілдер палатасындағы көп орынды иеленіп, сенатта республикалықтарға жеңілер еді. Жақсылықты білмейді" деп жазды.

Трамп "Масктың компанияларымен келісім-шарттарды тоқтатып, мемлекеттік субсидиялардан айыру" жайлы жазды. 

Маск мұнымен тоқтап қалмай, "нағыз бомба тастайтын уақыт келді" деп мәлімдеп, "Трамптың есімі Эпштейн файлында бар. Сондықтан бұл файл жарияланбай отыр" деп жазды.

АҚШ-та қаржыгер Джеффри Эпштейнді кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі, балаларды бизнесмендерге қызмет көрсетуге итермеледі деп айыптаған.

Кейін Маск Эпштейн файлы жайлы жазғанын өшіріп тастады. Ал Трамп Маскпен сөйлеспейтінін айтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

23 бала көз жұмды

15:47, 12 маусым 2025 112