Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Менің ұлым тапанша кезеп тұрса, қалай бұны суретке түсіріп тұр?" - Талғардағы қылмысқа күдіктінің анасы күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

14:47, 12 қыркүйек 2025 407

Белгілі журналист Руслан Өтепбай Талғардағы жас жігітті көшеде атып, артынша үйіне барып, жиенін ұрлап кеткен жігітке қатысты қылмыстық істі зерттеу үшін күдіктінің анасынан сұхбат алды, деп жазады Аlash.kz.

Журналистиканың бейтарап сала екенін ескеріп, тілші күдікті тарапты да тыңдап көрді. Бөгденің үйіне баса көктеп кіріп, қару кезенген адамның қылығы сол сәтте жәбірленушінің телефонына түсіп қалған. Руслан Өтепбай айғақ саналатын сурет туралы күдіктінің анасынан сыр тартып көрді.

- Сіз мына суретті көрдіңіз ғой, иә? Тапанша кезеп тұрған, мынау, сіздің ұлыңыз ғой?

- Көрдім ғой. Менің ұлым тапанша кезеп тұрса, қалай бұны суретке түсіріп тұр? Ал, ойлаңызшы... Тапанша кезеп тұр адамға, иә! Ал, сен соны видеоға түсіріп тұрсың.

- Енді, сіз бұл жерде видеоға түсіріп тұрған адамның әрекетін дұрыс бағаламай тұрсыз ба?

- Жоқ, енді. Қалай түсіріп тұр? Адам қорқады ғой. Басыңа тапанша тақап тұрса...

- Мүмкін, "қолыңды көтер!" деген кезде телефон қолында болып, түсіріп қалған шығар. 

- Сол кезде мына бала жүгіріп шыққан да, бұл қызды көтеріп алып кеткен ғой. Ешкімге тиіспей...

- Енді, ол - кәмелетке толмаған қыз. Бұның туған қызы емес. Не себепті оны алып кетеді?

- Оны Кегенде де "папа" дейтін. "Папа" деп, осыны біледі ғой. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар