Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Менің орнымды басатын от анасы, отбасының анасы»: Роза Рымбаева келіні туралы пікірін айтып, ағынан жарылды (ВИДЕО)

21:15, 04 ақпан 2026

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында келіні туралы сүбелі пікірін айтты, деп жазады Alash.kz.

«Келініңіз туралы неге айтпайсыз? Ылғи балаларыңызды айтасыз» деп, тиіседі. Балаларым туралы сұрағаннан кейін балаларым туралы айтамын. «Ойбай, менің келінім бар. Ол - ондай» деп қоспаймын ғой. Жалпы, менің түсінігімде отбасының тіршілігін әрі қарай жалғастыратын, менің орнымды басатын - Ақерке. Осы отбасының тіршілігін, саясатын, дәстүрін, қонақжайлылығын, туған-туысқанға деген көзқарасты әрі қарай жалғайтын,  ол - Ақерке. Менің орнымды басатын от анасы, осы отбасының анасы Ақерке деп санаймын өзім.

Айта кетейік, Роза Қуанышқызы қазақ сахнасында жүргеніне 50 жылдық мерей тойына арнап, кеш беруге қызу дайындық жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар