Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында мансабында кедергі келтірген шенеуніктер мен өзінің айнымас принциптері туралы ашық сыр шертті, деп жазады Alash.kz.
Әншінің шығармашылық жолына 50 жыл толуына орай әзірленген деректі фильмде ол кезінде өзін сахнадан шеттетпек болған министрдің болғанын растады.
Өнер иесі бұл жағдайға қатысты өз ойын былай деп сабақтады:
«Иә, ондай лауазымды тұлға болды. Мен айналамдағы жағдайларға бейжай қарай алмаймын. Мәселен, әділетсіздікті көріп тұрып, көз жұма салу маған жат қылық. Мен ес білген ересек адаммын, кішкентай қыз емеспін ғой. Сахна төрінде жүргеніме жарты ғасыр толды, сондықтан жасымды айтып жатудың өзі артық болар. Өз соқпағын тапқан тұлға ретінде менің де пікір білдіруге толық қақым бар деп есептеймін. Неліктен мен өз ойымды ашық айтпай, тасада қалуым керек? Шындықты неге жасыруым тиіс? Мен ешкімді сырттай ғайбаттамаймын, бәрін бетке айтамын, ал мұндай мінез ешкімге де ұнай қоймасы анық».
Айта кетейік, Роза Қуанышқызы қазақ сахнасында жүргеніне 50 жылдық мерей тойына арнап, кеш беруге қызу дайындық жүргізіп жатыр.