Қарағанды облысында мемлекеттік қызметкерлер мейрамханада жанжал шығарған. Оқиға 26 мамырдан 27-не қараған түні "Супра" мейрамханасында болған, деп жазады Alash.KZ.
«Сен менің кім екенімді білесің бе?» деген сөздермен Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Супра» грузин асханасы мейрамханасында ірі жанжал орын алды. Оқиғаға мейрамхана әкімшілігі мемлекеттік қызметшілер деп таныған үш әйел қатысқан.
«Криминальный Казахстан» ақпараттық порталы таратқан мәліметке сәйкес, бұл оқиға 26-нан 27 мамырға қараған түні болған.
Ресторан қызметкерлерінің айтуынша, мекеменің жабылуына жақын қалғанда келуші әйелдер үй-жайдан шығудан бас тартып, өзін агрессивті ұстаған.
Олар дөрекі сөздер айтып, тіпті персоналға қарай телефондарын лақтырған. Мейрамхана персоналы әйелдердің «Сен менің кім екенімді білесің бе?» деген тіркесті бірнеше рет қайталағанын растайды.
Қазіргі таңда бұл оқиғаға ресми құқықтық баға берілген жоқ. Алайда, куәгерлер қатысушылардың мұндай әрекеттері мемлекеттік қызмет этикасының нормаларына еш сәйкес келмейтінін атап өтеді.