БАҚ пен әлеуметтік желілерде танымал қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің коттеджін сатып алғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Alash.KZ.
Мәсімовтің құны 1 млрд теңге тұратын үйі бұған дейін бірнеше рет аукционға шығып, өтпей қалған еді
Kursiv Media-ға пікір білдірген Жәкішев бүй дейді:
«Жалған ақпарат және сандырақ», – деген.
Сондай-ақ, кәсіпкер Дубайдан құны 1,5 млн доллар тұратын пәтер сатып алғаны жайлы ақпарат та тарады. Пәтер аумағы - 240 шаршы метр, жеке бассейні мен фитнес орталығы да бар көрінеді.
"Бұл да сандырақ. Менің алты қызым бар, неге тек біреуіне алуым керек екен?" – деді ол.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы да бұл ақпаратты жоққа шығарды. Компания барлық актив тек E-Qazyna мемлекеттік порталы арқылы және қатаң ережелер бойынша сатылатынын мәлімдеді.
Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайын Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бірнеше рет аукционға шығарған еді. Құны - 1,9 млрд теңге. Үй Астана қаласы Нұра ауданының Ерейментау -1 мекенжайында орналасқан.
Үйдің жалпы ауданы – 2877,7 шаршы метр. Тұрғын үймен қоса, жиһаз, электрон техника, өнер туындылары мен кәдесыйлар да сатылымға қойылды.