Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мені мазақ етпеген". Мейрамбек Беспаев өзіне қатысты пікірге жауап беріп, елді елең еткізді

14:02, 06 маусым 2026

Мейрамбек Беспаевтың сыныптастары айтқан әзілі жұртты күлдірді, деп жазды  Alash.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода «МузАрт» тобының әншісі Мейрамбек Беспаевтың сыныптастарымен болған қызықты әңгімесі көпшіліктің көңілін көтерді.

Видеода әншіге «Сыныптастарыңыз сізді қалай мазақтайтын?» деген сұрақ қойылған. Оған Мейрамбек Беспаев:

– Мені аса ештеңе деп айтпаған, мазақ етпеген. «Бозторғай» дейтін, – деп жауап береді.

Алайда артынша сөз алған сыныптастары әншінің бұл жауабын жоққа шығарып, мектеп кезіндегі түрлі лақап аттарын еске алды.

Олардың айтуынша, сыныптастары Мейрамбекті «Бесаяқ» деп атайтын болған. Сондай-ақ оның жиі ангинамен ауырып, мойнын орап жүретінін және гастрольдерге көп шығатындықтан сабақтан жиі қалатынын әзілмен еске түсірді.

Көңілді сәт түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, көпшілік жазба астында жылы пікірлер қалдырған. Желі қолданушыларының бірқатары «Керемет шыққан видео екен», «Шынайы достықтың көрінісі» деп бағалауда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар