Актриса Дариға Бадықова өзінің бастамаларын "жақтырмайтындарды" сынға алып, ризашылық жазбасын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Дариға Бадықова басынан өткен барлығына шүкірлік айтып, ризашылығын білдірді.
"Мені тапқан Әке-шешеме ризамын. Ағайын-туыс бауырларыма ризамын. Көрермендерге ризамын. Қараңғы етіп жаратпағанына ризамын. Жалқаулықтан сақтағанына ризамын. Жаман әркетке әуес қылмағанына ризамын. Жәй сөздің адамы болмағаныма ризамын. Өнер аламанын да, еңбек ете алатыныма, ризамын. Көмекке келе алатыныма ризамын. Несібеме ризамын. Екі жүзді болмағаныма ризамын. Мені жақтырмайтын адамдар, еңбегімді іштей мойындайтындарына ризамын. Ештеңеге реніш жоқ. Өзімізге риза болайық, оқырмандарым!”, – деп жазды актриса.
Еске сала кетейік, кинопродюсер «Позор болып отырмайық!» деп шетелдік мультфильмге барған көрермендерді сынаған еді.