Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мен тек өлімді прокурорға баяндаған адам едім: Сарбазды өлтірді деген командир 7 жылға сотталды (ВИДЕО)

14:09, 30 қазан 2024 2148

Алматыда мамырда қайтыс болған 18 жастағы сарбаз Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Айыпталушы Жанбота Шәкіров "Билiктi асыра пайдалану" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда сот отырысында кінәлі деп танылған күдікті өзін жазықсызбын деп жан салды. Оның айтуынша, сарбаздың өліміне қатысы жоқ. 

Менің өлім себебіне тікелей қатысым жоқ. Егер мен айыпты болсам, өз жазамды алуға дайынмын. Бірақ менің кінәм жоқ. Мен тек жағдайды прокурорларға баяндап барған адам едім. Жауыздық әрекеттен аулақпын. Әскери өмірде де, әке-шешем де маған бұндай тәрбие бермеген. Командир ретінде кешірім сұраймын”,-деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар