Тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген “Астарлы ақиқат” туралы шындықты айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Дәлірек айтқанда, ол “Асхат Садырбайды неге жүргізушіліктен алып тастамайсыз?” Деген сауалға жауап берді.
“2024 жылдың қаңтарында мен жүргізушілікті тоқтаттым. Менің орныма Бердімұрат Хасен келді. Оны өзім ұсындым. Мамырға дейін бағдарламаның өндірісіне менің компаниям жауап берді. Маусымда бүкіл командаммен жобадан кеттік. Түсінікті болу үшін "Астарлы ақиқатты" көлікке теңесем, мен оны айдадым, жөндедім, жолға шығардым. Бірақ бір күні кілтті иесіне тапсырдым. Одан кейін ол көлікті кім жүргізетінін мен шешпеймін. Мен өз бағытыммен жүрмін”, – деді журналист.