Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен «қазақпын» деп кеудесін керетіндерді түсінбеймін" – Ермек Тұрсынов

20:36, 09 қараша 2024 903

«Адамның ешқандай жетістігі болмаса, ол өзінің ұлтымен мақтанады». Белгілі режиссер Ермек Тұрсынов өзінің қазақ болып туғанын мақтан ететін патриоттарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz  порталына сілтеп.

“Сенің қазақ болып туғаныңа өзіңнің қандай тікелей қатысың бар? Сен тумай тұрып сенен біреу “Кім болып туғың келеді?” деп сұрады ма? Сұраған жоқ. Ал қытай болып тусаң не істер едің? Егер адамның өзінің жеке басының ешқандай жетістігі болмаса, ол өз ұлтының жетістігімен мақтанады. Неміс неге бұрынғы ата-бабалары Бетховен, Штрауцтармен мақтанбайды”, дейді кинорежиссер.

Сондай-ақ ол еліміздің Мемлекеттік Әнұранына қатысты да ойын білдірді.

“Бізге қазіргі айтып жүрген Әнұранымыз жараспайды. Біздің Әнұран тым әдемі. Мен оны естігенде кәдімгідей денем түршігіп кетеді. Бірақ қазіргі Әнұранымыз біздің қазіргі жағдайымызға сай келмейді. Табиғатымыз мүлдем басқа. Ол біз үшін тым биік, керемет мықты, рухани өте терең. Сондықтан біз оған сай келмейміз”, дейді Тұрсынов.

Ол осы пікірімен көпшілік іштей келіссе де “сенікі дұрыс” деп ешкім айта алмайтынын да қоса кетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар