Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мен - педагогпін!». Қапшағайда бейтаныс әйел жұмыс кастюмімен суға шомылып жүр

12:58, 23 шілде 2024 1550

Әлеуметтік желіде Қапшағайда демалып жүрген бейтаныс әйелдің классикалық киіммен көлге түскен бейнесі тарады. Ол кәдімгі күнделікті жұмысқа киетін кастюммен суға шомылып жүр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Бейтаныс желі қолданушысы өзінің бұл әрекетін «мен педагогпін, маған купальникпен шомылуға болмайды» деп түсіндірген. Бұл қылығына қатысты жазба жариялаған: 

Мен Қапшағайда жүрмін. Мен – педагогпін. Маған купальникпен шомылуға болмайды. Мен кастюммен түстім. Мен ешқашан өзімнің педагок екенімді ұмытпауым қажет. Мен қай жерде болсам да – педагогпын! – дейді ол.

Бұл видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылардың пікірі сан-саққа жүгірді. Олар бұл жағдайға қатысты күліп те, ызаға булығып та жатыр: 

“Бұл былтырғы Түркияның түнгі клубына барған мұғалімдерді қолдау акциясы ма?”, “Педагогтарда ойын күлкімен өмір сүруге құқылы.” т.б. қатарлы түрлі ойлар жазылып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар