Қазақ өнерінің абызы, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов "Жақсы адамдарым" бағдарламасында балалық шағының ең ауыр кезеңдері мен болашаққа өсиеті туралы ақтарыла сыр шерткені жария болды, деп жазады Alash.kz.
Аңыз тұлға соңғы уақытта күнделік жүргізуді доғарып, келешек ұрпаққа өнеге боларлық естелік кітап дайындауға білек сыбана кіріскенін жеткізген еді.
“Келешек ұрпаққа қалдыратын қолжазбам бар. Үш томдай болды. Көп нәрсе жарияланбайды. Ішінде ашық айтқан әңгімелер, ащы айтқан сөздер бар. Соның бәрі қолжазба ретінде сіздерге қалады. Мен кеткеннен кейін оқисыздар", – деген еді ол.