Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мен жыласам да, олар жыламау керек…”: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есіне алып, жан сырын ақтарды

11:28, 07 қараша 2025 156

Танымал тележүргізуші, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы жолдасы өмірден озғаннан кейінгі қиын кезеңдер туралы айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады Alash.kz.

Желіде жозба қалдырған журналист өзіне жаңа дем берген істері туралы сөз қозғап, ендігі мақсатымен бөлісті:

Өмір сүруге бір-ақ шанс…

Сізде де, менде де.

Жалғыз берілген «өмір» атты мүмкіндігімде осындай сынақ келді.

Қалай көтеруім дейсіз бе?

Ешқалай. Қабылдау 5 кезеңнен тұрады десе, соның бір сатысында ұзақ кідіріппін мүмкін.

Уақыт емдемейді, жай ғана жеңілдетеді.

Өмірлік қағида, отбасындағы ереже мен дәстүр, ұстаным — ештеңе өзгерген жоқ.

Бәрі сол қалпы. Тек азаматым жоқ.

Әдеттегідей жиі қонақ күтеміз, жұма сайын құран оқып, иіс шығарамыз.

Тек енді төріміз бос.

Әдеттегідей демалыста отбасымызбен түстенеміз.

Тек енді отағасы жоқ.

Әдеттегідей жырақта жүрсек, күнде кешке видеомен байланысамыз.

Тек енді әкесіз.

Әдеттегідей апта сайын гүл аламын.

Тек енді жарым емес, өз-өзіме не ұлдарым сыйлайды.

Білесіз бе, бүгінге еңсемнің тік жетуі — уақыт пен ішкі мінезімнің, балаларға қарап алатын мотивациямның арқасы.

Мен жыласам да, олар жыламау керек.

Маған жаңа дем сыйлаған — @mariyam_fund_kz, анаммен жүргізген @lstory_kz хабарлар мен @sultankyzy_oxford, @sultankyzy_slim.

Ендігі мақсат — екі ұлды адам қылып, жеткізу.

Ертең құда-құдағиларымның алдында абыройлы болғым келеді.

Бірдеңені бастамас бұрын «Қайреке қалай қабылдар еді, не деп айтар еді?» деп өзімнен сұраймын.

Қысқасы, қандай жағдай болмасын:

Әке — асқар тау.

Әке — үлгі.

Әке — кеңесші.

Әкенің айтқаны — заң.

Сондықтан менікіндей ауыр жүкті арқалап жүрген тағдырластарым!

Сіз бен біздің жүзіміздегі күлкі, еңбек, даму —

балаларымыздың жарқын болашағы, өзіміздің денсаулығымыз бен ішкі тыныштығымыз.

Жаныңызға жақын іс табыңыз.

Алла жеңілдігін берсін.

Енді көрсетпеймін, жазбаймын, айтпаймын деген уәдем жыл сайын 6 қарашада бұзылады…

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар