Белгілі әнші Роза Әлқожа тойдағы жөнсіз уағызы үшін жауапқа тартылған қарияға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.KZ
Бұған салтанатты жиында «әуен тыңдау күнә» деп сөйлеген азаматтың темір торға қамалуына өнер иесінің қатысы бар деген айыптаулар себеп болған.
Ол шалды соттатқан жоқпын. Арыз жазған жоқпын. Ештеңе істеген жоқпын. Өзі тиісті ғой. «Жұлдыздар жерге түссін» деді. Сол үшін ол да «жұлдыз» болып көрсін дедім. Публикаға салып жібердім. Ал оны соттатқан мен емес. Арыз жазған жоқпын. Арыз жазсам, ол кісі маған 2000-7000 АЕК төлейтін еді. Бүкіл киген брендін маған беретін еді. Мен дүние көздеген жоқпын. Мен тек қорландым. Өйткені, ол жерде асаба мені қорғаған жоқ. Тойдың иесі шығып мені қорғаған жоқ.
Айта кетейік, Жетісайдағы тойлардың бірінде болған бұл жағдай желіде үлкен талқылау тудырған еді. Нәтижесінде, салтанатты жиында заңсыз діни насихат жүргізген ер адамды құқық қорғау органдары тұтқындады.