АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Питер Кауфман Дональд Трамптың Қазақстанға ықтимал сапарына қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.
Дипломат Ақ үй басшысының Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабылдап, Қазақстанға келеді деген үмітін жеткізді.
БАҚ өкілдерімен кездесуде Кауфманнан АҚШ президентінің Қазақстанға сапар жасау туралы шақыруға қалай қарайтыны сұралды.
Дипломат бұл сапарды күтетінін айтып, соңғы уақытта Астана мен Вашингтон арасындағы байланыстардың айтарлықтай нығайғанын атап өтті.
«Мен бұған үміттенемін. Біздің қарым-қатынасымыз бұрын-соңды дәл қазіргідей берік болған емес. Президенттер Тоқаев пен Трамп жиі байланысып тұрады. Олардың арасында өте тығыз қарым-қатынас қалыптасты. Бұл екі ел арасындағы қазіргі ерекше әрі бұрын-соңды болмаған динамиканы көрсетеді», – деді Питер Кауфман.
Қазақстан мен АҚШ басшылары 2026 жылғы 10 шілдеде телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме кезінде екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға келуге шақырды.
Кейін бұл шақыру тағы да расталды. 2026 жылғы қыркүйекте Трамптың арнайы өкілі Серджио Гор Қазақстан президентіне АҚШ көшбасшысының жеке жолдауын жеткізген кезде, Тоқаев америкалық президентті Қазақстанға ресми сапармен шақырғанын қайта мәлімдеді.