Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекеттік қызмет жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі? – Құрылтай депутаты Айдос Сарым айтты

20:15, 31 қазан 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елімізде жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Президент Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесіп, 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодексті әзірлеп, қабылдауды тапсырды.

Бұл бастамаға қатысты пікір білдірген Құрылтай депутаты Айдос Сарым заңнаманы қайта қарап, мемлекеттік қызмет жүйесін Конституциялық құндылықтарға сәйкестендіру қажеттігін айтты. 

Оның сөзінше, алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға басымдық беру қажет.

«Заңнаманы қайта қарап шығу керек. Біріншісі — Азаматтық кодекс. Мемлекеттік қызмет жүйесін мүлдем жаңадан қарап шығу керек. Конституциялық құндылықтарға бағындыру керек».

Сонымен бірге депутат елде жүріп жатқан реформалар кезеңі мен алдағы сайлау науқанына тоқталып, мынадай пікірін бөлісті:

«Осының барлығы да енді біз «саяси реформалардың кезеңі аяқталды, енді соңғы тұяғы» дейміз, енді мәслихат сайлауы қалды».

Айдос Сарым сөзін одан әрі сабақтап, мемлекеттік аппараттың жұмыс сапасы мен алдағы бір жылдық заңнамалық жоспарды баяндап, келесі ойын ортаға салды:

«Одан кейін негізі мемлекеттік қызметті, оның сапасын, халыққа нақты қызмет етуін, еңбегінің өнімділігін, жұмысының тиімділігін арттыру мәселесін қарауымыз керек. Сол себепті алдағы уақытта жасалатын бір жылдық жұмысымыз — жаңа заңдарды қабылдау, дер кезінде талқылаулардың бәрін өткізу, тиісті нормаларын заңға енгізу».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар