Құрметті отандастар!
Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – дүние жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл.
Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді.
Оразаның рухани құндылықтарын қазір әлемде болып жатқан күрделі ахуалды ескере отырып, кемел санамен қабылдау, оның түпкі мағынасын дұрыс түсіну – үлкен имандылықтың белгісі.
Бүгінде Қазақстан ауқымды өзгерістердің, түбегейлі жаңғырудың тарихи кезеңіне қадам басты. Жаңа халықтық Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды. Бұл өрлеу және әділеттілік даңғылына түскен мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын Негізгі Заң болмақ.
Бас құжат мыңдаған жыл тарихы бар мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтуға, еліміздегі саяси, азаматтық, экономикалық институттардың тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіріп, күшейтуге жол ашады.
Біз дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарымызды қастерлей отырып, Құқық пен Заң үстемдігі, Тәртіп пен Тазалық, Әділдік пен Отаншылдық сияқты мызғымас қағидаттарды терең түсінетін әрі мүлтіксіз сақтайтын ұлттың жаңа болмысын қалыптастырып жатырмыз. Мұның бәрі қасиетті Рамазан айының мәңгілік ұлағатымен толық үндеседі.
Білімге, тазалыққа және жақсылыққа бастайтын өркениетті қоғамда Рамазан айы жаңа рухани мәнге ие болып, барша жұртқа шапағатын тигізетіні сөзсіз.
Қасиетті Рамазан құтты болсын, мұсылман жамағаты!
Мемлекет басшысының Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы
«Ешқандай шара қолданбады»: Мектептегі зорлық ісіне қатысты заңгер тың мәлімдеме жасады
16:07, 21 қараша 2026
Словакияда қазақстандық үш студент ұсталды: оларға қандай айып тағылды? (ВИДЕО)
14:54, 21 қараша 2026
«Әкесін аяусыз сабап, скотчпен байлаған»: Атыраудағы оқиғаға қатысты тың дерек шықты
13:27, 21 қараша 2026
Қайғылы оқиға: Ақмола облысында жүк пойызы рельсте отырған ер адамды қағып кетті
12:36, 21 қараша 2026
Астанада ер адам елордалықтар мен қарағандылықтарды 103 миллион теңгеге алдап кеткен
21:30, 20 қараша 2026
“Дипломым жоқ – бизнесім бар" - Төреғалидың қарындасын "Хабар" жүргізушілікке шақырды
18:05, 20 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сын-қатерлерді ескеру қажет. Түрлі болжамдар жарияланып жатыр».
17:05, 20 қараша 2026
Астанада тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге арналған «Халық заңгері» акциясы өтті
16:38, 20 қараша 2026