Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мектептердегі хиджабқа тыйым". АҚШ комиссиясы Қазақстанның дінге қатысты "шектеулерін" айыптады

11:58, 05 мамыр 2024 961

АҚШ комиссиясының мәліметінше, Қазақстан Үкіметі діни бағыттағы шектеулерді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Ulysmedia.kz порталына сілтеме көрсетіп.

АҚШ-тың әлем елдеріндегі діни сенім бостандығы жөніндегі комиссиясында (USCIRF) сенушілердің құқықтары туралы баяндама жарияланды, онда Қазақстанды "бақылаудың арнайы тізіміне" енгізу ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, USCIRF мүшелері Астанаға 2023 жылдың шілдесінде келген. Делегацияны белгілі құқық қорғаушы Нури Туркель бастады. Шетелдік қонақтар кездесулерді жоғары деңгейде өткізді, бірақ барлық келіссөздер жабық форматта өтті. Олардың Президент Әкімшілігінде, Үкіметте және Бас прокуратурада не туралы айтқандары көпшілікке мәлім болмады.

Ulysmedia.kz порталының көрсетуінше,комиссия мүшелері Қазақстанда діни сенім бостандығына қатысты шектеулер бар деп есептейді.

Сарапшылар Қазақстан үкіметі барлық діни топтардың қызметін шектейді және дәстүрлі емес деп саналатын топтардағы адамдарды жазалайды деген қорытындыға келген. 

USCIRF-те Қазақстанның адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 18-бабын бұзатынына сенімді, оған сәйкес әркімнің ой, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар.

Дәлірек айтсақ, АҚШ комиссия өкілдері шетелдегі дінді зерттеуге қатысты шектеулердің болуын және ҚР мектептерінде діни киімге қатысты тыйым салу қарарының болуын құптамайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар