Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мектептерде орамал тағуға рұқсат жоқ, заңға бағынбағандар әкімшілік жазаға тартылады" – Жоғарғы сот арнайы мәлімдеме жасады

11:29, 26 қыркүйек 2024 827

Жоғарғы сот бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде орамал тағуға қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды. Анық айтқанда,  "Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таратылғанын" мәлімдеді. Бұл жайлы  Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтей отырып хабарлайды. 

– Істі қарау шеңберінде Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға кірген жоқ. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі, – деп ақпарат таратты Жоғарғы сот.

Сонымен қатар, Жоғарғы сот ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екенін атап өтеді.

– Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өзіне алған және заңда белгіленген міндеттерді орындамауы заңда белгіленген, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген жауаптылыққа әкеп соғады, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, орамал таққан оқушы қыздар сабаққа жіберілгені жайлы бұған дейін ақпарат тараған еді. Құқық қорғаушы Жаслан Айтмағанбетов Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мектептерде орамал тағуға тыйым салу туралы облыстық соттың шешімін жойып, мұндай шектеулер білім алу құқығын бұзады деп танығанын айтты. Бұған қатысты Жоғарғы сот арнайы мәлімдеме жасады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар