Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мектептегі төбелестің кесірінен оқушы қайтыс болды

13:52, 23 мамыр 2024 442

Мектептегі төбелестен кейін оқушы қайтыс болды. Екі аудан әкіміне үкім шықты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев шенеуніктерді тәртіптік жазаға тартатындарын мәлімдеді. Бұл туралы Alash.kz хабарлайды.

Шиелі және Сырдария аудандарының әкімдері қатаң сөгіс алды. Сондай-ақ Шиелі ауданында білім бөлімінің басшысы, мектеп директоры мен учаскелік инспектор жұмыстан босатылады.

«Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны 30-дан 26-ға дейін азайғанымен, ауыр қылмыстар саны өсіп барады. Балалар арасындағы қылмыстардан бөлек, ұстаздар тарапынан жасалған қылмыс фактілері де анықталуда», - деді Нәлібаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар