Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мектепте 9-сынып арасында төбелес болып, оқушылар қаза тапты

11:30, 18 ақпан 2025 540

Қырғызстанда мектеп оқушылары арасындағы төбелес салдарынан бір оқушы ауыр халде ауруханаға түсті, дее хабарлайды Alash.kz.

Ош облысының Өзгөн ауданында мектеп оқушылары арасындағы төбелестен кейін бір оқушы ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, 11-сынып оқушылары арасында жанжал туындап, нәтижесінде 9-сынып оқушысы соққыға жығылған. Бұл оқиғаға байланысты Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 280-бабы (“Бұзақылық”) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы бір айда Қырғызстанның әртүрлі өңірлерінде бірнеше оқушы жарақат алып, кейбірі қаза тапқан қайғылы оқиғалар тіркелді.

Ош облысының Қара-Суу ауданында12 ақпан күні №39 мектептің 9 және 11-сынып оқушылары арасында төбелес болып, 9-сынып оқушысы Адилет Турдубаев жарақат алып, ауруханада қайтыс болды.

Нарын облысының Жұмғал ауданында 13 ақпанға қараған түні 10-сынып оқушысы сыныптасы өткір затпен санынан жарақаттап, ауруханаға түсті.

Баткен қаласында 8 ақпанда 16 жастағы жасөспірім құрдасымен жанжалдан кейін пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Шүй облысының Қант қаласында екі жоғары сынып оқушысы төбелесіп, оның бірі үш күннен кейін ауруханада көз жұмды.

Ақпан айының басында Бішкек қаласындағы №72 мектептің 8-сынып оқушысы Аннас Айтбаев ауруханада қайтыс болды. Мұғалімдер оның соққыға жығылғанын жоққа шығарды, бірақ достары оқушылардан ақша талап етіліп, қорқыту болғанынайтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар