Енді ата-аналар Mektepmenu цифрлық қызметіарқылы сабақта жүрген балаларыныңтамақтануын бақылай алады.
Жаңа технологиялардың дамуымен және барлық процестің цифрландырылуына байланысты еліміздегі мектептердегі тамақтану жүйесіне де өзгерістер керегі анық. Бүгіндеата-аналар көбіне балаларының мектепте не жейтінін, мәзірде не барын білмейді және өнімнің сапасы мен қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты ала алмайды. Кері байланысалып, бақылау мүмкін емес. Осы мәселені реттеу мақсатында Kundelikбілім беру платформасы жаңа MektepMenu қызметін іске қосты. Ата-аналар балалары мектепте не жейтінін қадағалап, қалған қажетті ақпаратты көре алады.
Енді сіз MektepMenu қызметін Halyk банктіңмобильдіқосымшасы арқылы пайдалана аласыз. Kundelik платформасымен интеграцияның арқасында қызметке кіру қосымша авторизациясыз жүзеге асырылады, ал бұл бүкіл процесті айтарлықтай жеңілдетеді.
«Біз Halyk қосымшасымен барлық клиенттерімізгепайдалықызметтерді ұсынуға ұмтыла отырып, оның қызметтерінкеңейтіп отырамыз. MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңа сервисклиенттік тәжірибені жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарғабалаларының мектепте сапалы және дұрыс тамақтанатынына сенімділік береді», — деді Halyk басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.
MektepMenu қызметі ата-аналарға мектеп асханасы мен буфет мәзіріне, соның ішінде тағамдардың құрамына, порция мөлшеріне және бағасына толық қол жеткізуге мүмкіндік береді.Қызмет сізге тамақтану сапасын жақсартубойынша пікірлер мен ұсыныстар қалдыруға, сондай-ақ баланың мектеп асханасына барғаны туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді. Баласында аллергиясы бар ата-аналар үшін аллергиялық реакцияларды тудыратын өнімдерді көрсету функциясы дабар. Бұдан басқа, балалары тегін тамақ алатын ата-аналар (1-4 сынып оқушылары және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар) баласының тамақтанғаны және мектеп асханасына барғанытуралы хабарлама алады.
Еліміздің оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақ ала алады.Осы мақсаттажергілікті бюджеттен 162 млрд теңге бөлінді.
Kundelik платформасының мәліметінше, мектеп оқушыларының 2-3%-ы науқастану немесе басқадасебептермен күн сайын сабақтан қалады, бірақ бұл тамақтану жүйесінде әрдайым көрінбейдіекен.
Егер бір балаға тегін ыстық тамақтың орташақұны жалпы бюджеттен есептелетінін ескерсек,әлеуетті үнемдеу жыл сайын 3,24 млрд теңгеден4,86 млрд теңгеге дейін жетуімүмкін.
Осылайша, MektepMenu мектептегі тамақтануды ұйымдастыру процесін автоматтандырады, оның ашықтығын айтарлықтай арттырып, ыңғайлы және тиімді бақылау құралын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бюджеттің артық шығындалу қаупін азайтады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде Halyk оқушылар арасында сауаттылықты арттыруға бағытталған Kundelik-пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Осылайша, өткен жылдан бастап оқуға деген ынтаны арттыру үшін Halyk Kundelik-пен бірлесіп оқушылардың үлгерімін ынталандыратын түрлі бастамаларды іске асыруда.
2024-2025 оқу жылының қыркүйегінен бастап «Үздік бағаларүшін бонустар» бағдарламасы одан да қызықты ынталандырулармен басталды. Енді 5-11 сыныпоқушыларында 10 балл үшін 100 бонустан басқа, Halyk—тан100 мың бонустың ай сайынғы ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігі бар.