Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мектепке орамалмен келетін оқушыларға рұқсат берілуі мүмкін - ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ

16:41, 24 қыркүйек 2024 651

Құқық қорғаушы Жаслан Айтмағанбетов инстаграм әлеуметтік желісінде жоғарғы соттың маңызды шешім қабылдағаны туралы жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол өз постында мектепке орамалмен келу туралы сұрақтың шешімі заң бойынша шешілгенін мәлімдеді.

“Қазақстанның Жоғарғы соты мектептерде қыз балалардың орамал тағуына байланысты білім алуға құқықты шектеу мәселесіне нүкте қойды. Өз шешімінде ҚР Жоғарғы соты облыстық соттың қаулысын бұзып, мұндай шектеулер білім алуға құқықты бұзатынын мойындады. Бұған дейін өрескел шешімдер Қазақстанның төрт облысында да қабылданған еді”,- деп жазды ол жазбасында.

Сондай-ақ құқық қорғаушы соңғы бір айдың ішінде мектеп оқушыларының суицидке жиі баратыны туралы да баяндады.

“Министрлік орамал мәселесімен күресіп жатқанда, елде балалар арасында суицид пен зорлық-зомбылық жағдайларының көбеюі көңілді қынжылдтады, бұл өте өкінішті.

Дегенмен, қуантатыны – сот билігі министрліктің ұстанымына емес, заң нормаларына сүйене отырып, шешім шығаратыны”,-деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар