Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мектепке баса көктеп кіріп, мұғалімге тиіскен: Шымкентте танымал блогер қылмыспен ұсталды (ВИДЕО)

14:47, 21 сәуір 2025 580

Шымкентте кезекті блогер қылмыспен ұсталды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Хайп-контент жасаушы блогер мемлекеттік мектептердің бірінде жұмыс істейтін мұғалімді масқаралайтын видеоны таратпау үшін одан ақша талап еткен деген күдікке ілінді.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, мұғалім өзі құқық қорғау органдарына арызданған.

Блогер 1,2 миллион теңге алып жатқан сәтінде ұсталды.

Тексеру барысында ол видеоны алу үшін  мектеп ғимаратына кіріп, сабақ өтіп жатқан кабинетке заңсыз кіріп, оқу процесіне кедергі келтіріп, бейнежазба түсіргені анықталды.

Құқық қорғау органдары видеоның нақты мазмұны туралы тергеу мүддесіне байланысты ақпарат бермей отыр. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері осындай бопсалау жағдайларында уақыт оздырмай, бірден құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Рим Папасы қайтыс болды

13:37, 21 сәуір 2025 173