Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мектеп оқушысы өзін мазақтаған сыныптастарының үстіне бензин құйып, өртеп жіберді (ВИДЕО)

14:13, 05 ақпан 2026

Красноярск қаласындағы №153 мектепте 8-сынып оқушысы сыныптастарына қарсы қауіпті әрекетке барған. Оқиға салдарынан бес оқушы түрлі дәрежедегі жарақат алған, деп жазады Alash.KZ.

Qaz365.kz  таратқан мәлімет бойынша, оқушы мектеп ғимаратында өрт шығарып, кейін сыныпқа кіріп, сыныптастарының үстіне жанғыш сұйықтық құйған. Сонымен қатар, бірнеше оқушыға балғамен соққы жасағаны хабарланды.

Нәтижесінде бір баланың денесінің шамамен 40 пайызы, тағы екі оқушының 15–20 пайызы күйік шалған. Үш оқушы күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілсе, тағы екеуі бас-ми жарақатымен медициналық көмек алып жатыр.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті бұл әрекетін мектептің ортақ чатында алдын ала ескерткен. Ол тіпті шабуылға ұшырайтын оқушыларды анықтау үшін сауалнама да жүргізген. Алайда бұл хабарламаларға сыныптастары мән бермеген.

Алдын ала нұсқа бойынша, оқиғаға сыныптастары тарапынан көрсетілген мазақ пен елемеу себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар