Маңғыстау облысында жол апатынан бес жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды ALASH.KZ.
КТК телеканалының мәліметіне сүйенсек, көлікті тізгіндеген жасөспірімнің ата-анасы басқа қалаға шипажайға кеткен.
Үйдегі үлкендердің жоқ екенін пайдаланған ол, көлігімен қыздарды қыдыртпақ болған. Алайда арты қайғылы жағдайға ұласып, оқушылар мінген көлік апатқа түскен. Бәрі бір ажалдан аман қалды.
Аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ал жансақтау бөлімінде жатқан 16 жастағы қыздың бірнеше жері сынып, миына зақым келген. Жағдайы өте ауыр, дейді дәрігерлер.
«2010 жылы туған қыздар травматология бөлімшесінде жатыр. Олардың желкесі, иығы сынған. Одан бөлек, бет, оң жақ тізе буындары бірнеше жерден сынған. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Жалпы, науқастар есін біледі», - дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Жұлдызай Қалиева.