Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мектеп оқушылары арасында төбелес болып, 11-сынып оқушысы ауыр жағдайда қаза тапты

09:46, 22 мамыр 2025 357

Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы Пахтачин ауданында мектеп оқушылары арасындағы жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды — жанжал төбелеске ұласып, 11-сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жанжал №1 мектептің үш оқушысы мен №12 мектептің екі оқушысы арасында болған.

Жасөспірімдер Instagram әлеуметтік желісінде бір-бірін балағаттап, кейін жеке кездесіп, мәселені шешпек болған.

Кездесу төбелеспен аяқталып,  қатысушылардың бірі оқиға орнында көз жұмған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның биологиялық тұрғыда қайтыс болғанын растаған: пульсі соқпаған, көз қарашығы кеңейіп кеткен. Сырттай көрінетін жарақаттар болмағанымен, мойын тұсында жарақат белгілері мен ауыз бен мұрыннан қанның ізі байқалған.

Аталған оқиға бойынша Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы 3-бөлімі «д» тармағы бойынша («Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын салу») қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бап бойынша 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Төбелеске қатысқан барлық кәмелетке толмағандар күдікті ретінде ұсталды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар